Сурет: Sports.kz
«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Клуб баспасөз қызметінің мәліметінше, ұжым Бекеновке кәсібилігі, ісіне адалдығы және клуб дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірген. Оған отбасына амандық, бақ-береке және жаңа бастамаларына табыс тілеген.
Қайсар Бекенов клубта 2013-2019 жылдары басшылық қызметтер атқарған. 2024 жылы клубқа қайта оралып, 2025 жылы бас директор болып тағайындалған еді.

