Шартарап

Astana-да CS2 турнирі: 7000 көрермен бірінші күнде-ақ жиналды

Астанада өтіп жатқан PGL Astana 2026 халықаралық турнирінің алғашқы ойын күні 7000 көрерменді жинады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Бұл — қазақстандық киберспорт тарихындағы ең ірі оқиғалардың бірі. Counter-Strike 2 бойынша жарысқа әлемнің түкпір-түкпірінен күшті командалар келді.

«Мұндай ауқымды турнирдің Астанада өтуі — еліміздің киберспорт саласындағы үлкен жетістігі. Көрерменнің қызығушылығы бізді қуантады», — деді ұйымдастырушылар.

Турнирдің алғашқы күнінде жоғары деңгейдегі ойындар өтіп, жанкүйерлер командалардың шеберлігіне тәнті болды. Келесі күндерде де көрермен саны артады деп күтілуде.

Көп оқылғандар