Спорт

«Астана» баскетбол клубы халықаралық аренадағы сәтсіздіктерден кейін жабылады

Сурет: Ашық дереккөзден

«Астана» баскетбол клубы халықаралық жарыстардағы сәтсіз нәтижелерге байланысты өз қызметін тоқтатады. Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Соңғы жылдары клубтың халықаралық деңгейдегі көрсеткіштері алға қойылған мақсаттар мен күтілімдерге сай болмады. ВТБ Бірыңғай лигасының өткен маусымында «Астана» соңғы 12-орынға тұрақтап, 44 ойынның тек екеуінде жеңіске жетті. Бұл клубтың турнирдегі ең нашар нәтижесі, ал жеңіліс көрсеткіші 95 пайыздан асты. Сондай-ақ, команда соңғы сегіз жыл бойы плей-оффқа шыға алмады.

Ішкі жарыстарда да «Астана» мақсатына жете алмады: Қазақстан Кубогында сәтсіздікке ұшырап, Ұлттық лигада чемпион атағын қорғай алмады. Өткен жылы спортты қаржыландыру тиімділігін арттыруға бағытталған заң қабылданып, онда ұлттық құрамаларды дамытуға басымдық беріліп, бюджет есебінен легионерлерді қаржыландыруға тыйым салынды.

Қазір отандық баскетболды дамыту жолдары қайта қаралып, басты назар жастар командасын дамытуға, сапалы резерв қалыптастыруға және балалар спортын қолдауға аударылуда.

Көп оқылғандар