Сурет: Ашық дереккөз
Астана халықаралық әуежайы автотұрақ инфрақұрылымын дамытуды жалғастырып, жолаушылар мен қонақтарға қолайлы жағдай жасауда. Терминал алдындағы көлік қозғалысын оңтайландыру және келушілерге тиімді таңдау ұсыну үшін жұмыстар жүргізілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Әуежай аумағында бірнеше өзгеріс күтіледі. Ұзақ мерзімді тұрақ үшін қосымша аймақтар дайындалып, баға сағатына 100 теңге болады. Сондай-ақ 100 көлікке арналған тегін автотұрақ бұрынғыдай жұмыс істей береді.
2026 жылғы 1 тамыздан бастап қысқа мерзімді автотұрақ тарифтері өзгереді. Ескі тариф сағатына 200 теңге 2023 жылдан бері өзгеріссіз сақталған, бірақ пайдалану және күтіп-ұстау шығындары өскен.
Азаматтардың жекелеген санаттары үшін тегін пайдалану құқығы сақталады. Төлемнен I және II топтағы мүгедектер, басқа мемлекеттердегі жауынгерлік іс-қимылдардың ардагерлері және Семей ядролық сынақ полигонындағы сынақтардың зардаптарын жоюға қатысушылар босатылады.

