Сурет: dimashnews.com
Аргентинаның Эсейса қаласындағы №13 мектеп оқушылары Димаш Құдайбергеннің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянын талдап, әншіні қонаққа шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бастама Қазақстанның мәдениеті мен тарихын таныстыруға арналған білім беру жобасы аясында жүзеге асты. Жобаны мұғалім Паола Ромина Профета бір жыл бойы жүргізді.
Сабақ барысында оқушылар Қазақстанның мәдениеті мен дәстүрлерімен танысып, екі елдің ерекшеліктеріне назар аударды.
Жоба шеңберінде мектеп оқушылары Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен де танысты. Олар әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянын көріп, сюжетін талқылады. Кейін оқушылар өнер иесіне хат жазып, оқиғаның өз нұсқаларындағы жалғасын ұсынып, оны Аргентинаға қонаққа шақырды.
Еске сала кетейік, жуырда Димаш Құдайбергеннің «Aqerke» әніне түсірілген жаңа бейнебаяны жарық көрді. Жаңа ән бұған дейін Жапония радиосының эфирінде шырқалды.
Мазмұнға өту
