Сурет: Report
Аргентинада футболшы Лионель Мессиге арналған әлемдегі ең биік мүсіннің салтанатты ашылуы өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сегіз мәрте «Алтын доп» иегері әрі әлем чемпионы атанған футболшының ескерткішінің биіктігі 26 метр, салмағы 70 тонна. Мүсіннің авторы — Альдо Бероиса.
Маусым айының басында Үндістанның Каулькутте қаласында Мессиге арналған 21 метрлік мүсін бұзылған еді. Тұрғындар қатты жел кезінде конструкцияның тұрақтылығына шағымданғаннан кейін ескерткішті демонтаждау туралы шешім қабылданды.
Былтыр Месси бір голмен екі рекорд орнатты. Биыл LEGO компаниясы әлемдік футбол жұлдыздары Лионель Месси, Криштиану Роналду, Киллиан Мбаппе және Винисиус Джуниор бейнеленген жиынтық топтамасын ұсынды.

