Спорт

Аргентина құрамасы қосымша уақыттағы автоголмен 1/8 финалға шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Аргентина құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Кабо-Верде командасын 3:2 есебімен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Майами қаласында өткен кездесуде Аргентина сапынан Лионель Месси мен Лисандро Мартинес гол соқты. Кабо-Верде құрамасында Дерой Дуарте мен Сидни Кабрал мергендік танытты. Қосымша уақыттың 111-минутында қорғаушы Диней Боргеш өз қақпасына гол соғып, Аргентинаға жеңіс сыйлады.

Месси әлем чемпионаттарындағы мансабындағы 20-шы голын соғып, өз рекордын жаңартты. Ол турнирде жеті гол кіргізіп, сұрмергендер көшін бастап тұр. Бұл көрсеткіш бойынша Месси Франция құрамасының шабуылшысы Мбаппеден 6 голға озып кетті.

Енді Аргентина 1/8 финалда Мысыр құрамасымен кездеседі.

Көп оқылғандар