Шартарап

Аргентина бас бапкері Мессидің құрамадағы болашағы жайлы пікір білдірді

Сурет: Egemen Qazaqstan

Аргентина құрамасының бас бапкері Лионель Скалони әлем чемпионатының финалынан кейін команда капитаны Лионель Мессидің ұлттық құрамадағы мансабына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Аргентиналық бапкер Испаниядан жеңілгеніне қарамастан Мессидің аңыз футболшы болып қала беретінін атап өтті.

«39 жаста бұл – керемет көрсеткіш. Ол мансабын қашан аяқтайтынын өзі шешеді. Шешімін қабылдағанша футбол ойнауын жалғастырады. Командадағы әріптестері де, айналасындағы адамдар да ол үшін қолдан келгеннің бәрін жасауға дайын», деді Лионель Скалони.

Әлем чемпионатының финалы АҚШ-тың Нью-Джерси штатындағы «Метлайф» стадионында өтті. Негізгі уақытта есеп ашылмағанымен, 106-минутта Ферран Торрес гол соғып, матчтағы жалғыз голдың авторы атанды. Нәтижесінде Испания құрамасы 1:0 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Көп оқылғандар