Categories Әлем

АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында атыс салдарынан 12 адам жарақат алды

Сурет: Ашық дереккөз

АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында Old West End фестивалі өтетін орынның маңында атыс болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алдын ала мәліметтерге сәйкес, атысқа кем дегенде екі адам қатысқан. Қазіргі уақытта полиция оларды іздестіріп жатыр.

Толидо полициясының хабарлауынша, атыс салдарынан 12 адам жарақат алды, оның екеуінің жағдайы ауыр. Зардап шеккендердің көпшілігінің жасы шамамен 20-да.

Полиция күдіктілердің бір-біріне оқ атқан болуы мүмкін екенін мәлімдеді.

Old West End — Толидо қаласының тарихи ауданында жыл сайын өткізілетін екі күндік фестиваль.

Ұқсас жазбалар

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы эбола вирусымен күресу үшін 518 миллион доллар бөлді.

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасты

Ресей мен Украина 185-185 форматы бойынша тұтқын алмасқан. Келісімге Біріккен Араб Әмірліктері арағайын болған.

Азов теңізіндегі дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тапты

Азов теңізінде жүк кемелеріне жасалған дрон шабуылынан бес Әзербайжан азаматы қаза тауып, тағы үш адам…