Әлем

АҚШ-та қазақстандық әйел иммиграциялық бұзушылықпен ұсталды

Сурет: istockphoto.com

АҚШ-тың Флорида штатында Қазақстан азаматы иммиграциялық қызмет өкілдері тарапынан ұсталды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі растады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ведомствоның мәліметінше, әйелдің заңды миграциялық мәртебесі болмаған. Осы себепті оны АҚШ-тың иммиграциялық қызметі ұстаған.

«Қазір дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен және ұсталған әйелдің отбасымен байланыста. СІМ өкілдері оған қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр», делінген хабарламада.

АҚШ-тың федералдық соты Дональд Трамп әкімшілігі енгізген 75 ел азаматына иммиграциялық виза беруге қатысты шектеуді жойған болатын. Тізімге Қазақстанды қоса алғанда Орталық Азия елдері, сондай-ақ Ресей, Египет, Грузия және басқа мемлекеттер кірген еді.

Көп оқылғандар