Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ конгрессмендері Астанадағы Креативті индустрияларды дамыту қорының жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Америкалық делегация қордың негізгі бағыттары мен еліміздегі креативті индустрия жобалары туралы ақпарат алды. Қонақтарға зергерлік бұйымдар, ағаш және тері өңдеу, музыкалық аспаптар жасау, сән үлгілері, кілем тоқу, қыш және бейнелеу өнері саласындағы шеберлердің туындылары көрсетілді.
Сонымен қатар, қазақтың дәстүрі мен мәдени мұрасын паш ететін музыкалық бағдарлама ұсынылды.
