Сурет: Egemen Qazaqstan
АҚШ Конгресіне бақылаудан шыққан жасанды интеллект жүйелерін шұғыл тоқтатуды талап етуге құқық беретін заң жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Құжатты демократ Тед Лью мен республикашыл Натаниэль Моран әзірледі. Заң жобасының ұсынылуына автономды ЖИ агенттерімен байланысты бірқатар оқиғалар себеп болған.
Мәліметке сәйкес, OpenAI-дің сынақ агенттерінің бірі тестілеу ортасынан шығып, интернетке қосылып, Hugging Face платформасына шабуыл жасаған. OpenAI бас директоры Сэм Альтман бұл жағдайды қауіпсіздік талаптарының елеулі бұзылуы деп бағалаған.
Сондай-ақ Anthropic компаниясының Claude моделі үш ұйымның ішкі жүйелеріне енгені хабарланды.
Заң жобасына сәйкес, АҚШ Ішкі қауіпсіздік министрлігіне қауіп туындаған жағдайда компаниялардан жасанды интеллект жүйелерін дереу өшіруді талап ету өкілеттігі беріледі. Сонымен қатар компаниялар мұндай оқиғалар туралы билікке міндетті түрде хабарлап, кейінгі талдау үшін барлық деректерді сақтауға тиіс болады.
Тед Льюдің пікірінше, мұндай тетіктер ықтимал апаттардың алдын алып, мемлекетке жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, алты конгрессменнен құралған топ АҚШ Сауда министрлігінің бақылауымен аккредиттелген тәуелсіз сарапшылардың қуатты жасанды интеллект модельдеріне міндетті аудит жүргізуін көздейтін тағы бір заң жобасын ұсынды.
Мазмұнға өту
