Сурет: Getty Images
Футболдан әлем чемпионатында жеңіске жеткен Испания құрамасы сыйақысының 30 пайызын АҚШ-қа салық ретінде төлеуге міндетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АҚШ-тың салық заңнамасы бойынша, ел резиденті емес шетелдік спортшыларға төленетін кейбір сыйақыларға 30 пайыз федералдық салық салынады. Бұл мөлшерлеме арнайы салық келісімдері немесе жеңілдіктер болған жағдайда ғана өзгеруі мүмкін.
Испания әлем чемпионы атанып, 50 миллион доллар сыйақы алды. Осыған байланысты олар 50 миллион доллардың шамамен 15 миллионын салық ретінде төлейді. Сондай-ақ АҚШ аумағында өткен әлем чемпионатының матчтарына қатысқан барлық құрамалар, тіпті қатысқаны үшін ғана төлем алған жағдайда да, салық төлеуге міндетті.
АҚШ Конгресінің республикалық партиядан сайланған мүшесі Тим Берчетт мұндай жүйені сынға алып: «Меніңше, бұл – тонаумен тең. Біз олардың елге келіп, ақша жұмсағанын қалаймыз, бірақ кейін сол қаржының едәуір бөлігін салық ретінде алып қоямыз. Бізге тиімдірек салық жүйесі қажет», деді.
Еске салайық, бұған дейін Испания құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны жеңіп, әлем чемпионы атанған болатын.
Мазмұнға өту
