Әлем

АҚШ Иранға қарсы әскери соққылардың үшінші кезеңін бастады

Сурет: U.S. Navy via AP

АҚШ Иран аумағына жасалған әскери соққылардың үшінші кезеңі басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа әскери операция Ормуз бұғазындағы оқиғадан кейін басталды. АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығының мәліметінше, америкалық әскерилер Иранға қарсы соққылардың кезекті легін бастаған.

АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 19:15-те (Астана уақытымен 13 шілде сағат 04:15) CENTCOM күштері Иранға қарсы соққылардың үшінші кезеңін бастады, — делінген Х әлеуметтік желісіндегі хабарламада.

Barak Ravid мәліметінше, шабуылдар Иранның Ислам революциясы сақшылар корпусының Ормуз бұғазындағы кемеге оқ атуына жауап ретінде жасалып жатыр. Бұған дейін Ислам революциясы сақшылар корпусы рұқсат етілмеген бағытпен Ормуз бұғазынан өтпек болған кемеге ескерту ретінде оқ атқанын мәлімдеген. Осы оқиғадан кейін Иран тарапы Ормуз бұғазының жабылғанын жариялады.

Көп оқылғандар