Сурет: istockphoto.com
АҚШ президентінің әкімшілігі иммиграциялық визаларға өтінімдерді қарауды уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Мемлекеттік департаменттің мәліметінше, бұл шешім АҚШ-тың барлық елдердегі елшіліктері мен консулдықтарына қатысты. Қазіргі уақытта визаларды қарау тоқтатылған, себебі қызметкерлер жаңа тексеру тәртібі бойынша арнайы оқудан өтуде.
Вашингтон бұл шараларды Трамп әкімшілігінің миграциялық бақылауды күшейту және елге кіру процесін іріктеп жүргізу саясатының бөлігі ретінде түсіндірді.
Еске салайық, қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаменті 75 елдің азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтатқан еді. Тізімге Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Бразилия, Грузия, Мысыр, Иран, Қырғызстан, Куба, Ресей, Сирия және Өзбекстан кірді.
Алайда биыл 21 тамызда Нью-Йорктегі федералды сот 75 ел азаматтарына иммиграциялық виза беруді тоқтату туралы шешімді заңсыз деп танып, оның күшін жойды. Сот Мемлекеттік департамент өз өкілеттігін асыра пайдаланды деген қорытындыға келді.
