Сурет: Владислав Семёнов
Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан көпсайыс жеңімпаздары белгілі болды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Көпсайыс финалында Қазақстан намысын қорғаған жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы Ақмарал Ерекешева 108.000 ұпаймен төртінші орынға тұрақтады. Ал Айбота Ертайқызы 106.200 ұпай жинап, жарысты бесінші орынмен аяқтады.
Финалдық кезеңге іріктеуден өткен 10 спортшы қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік үштікке Өзбекстан спортшысы Тахмина Икромова (112.950 ұпай) мен Қытай өкілдері Жи Ванг (110.050 ұпай) және Зилу Ванг (109.200 ұпай) кірді.
Бүгін Астана уақытымен 15:00-де топтық жаттығу бойынша жеңімпаздар анықталады.
