Сурет: Egemen Qazaqstan
Германияның Франкфурт қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бұл додада Лос-Анджелес Олимпиадасының алғашқы лицензиялары сарапқа салынды. Жеке бағдарламада 73 елден 102 спортшы күш сынаса, топтық жаттығуларда 42 елдің өкілдері бақ сынады.
16 жастағы Ақмарал Ерекешева ересектер арасындағы тұңғыш әлем чемпионатында жоғары нәтиже көрсетті. Ол көпсайыс финалында 116.000 ұпай жинап, өз мансабындағы үздік көрсеткішке қол жеткізді. Бұл нәтижемен ол 6-орынға тұрақтап, Азия құрлығынан қатысқан спортшылар арасында ең үздік атанды.
Жарыстың соңғы күнінде Ақмарал ұршықпен жаттығуда 29.400 ұпай жинап, бестікке енсе, таспамен жаттығуда 27.350 ұпаймен сегізінші орынға ие болды.
Топтық жаттығуларда қазақстандық құрама 13-орынға тұрақтап, былтырғы көрсеткішін (17-орын) жақсартты. Енді отандық спортшылар келесі айда Азия ойындарында сынға түседі.
Мазмұнға өту
