Спорт

Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында мансабындағы үздік нәтижесін көрсетті

Сурет: Egemen Qazaqstan

Германияның Франкфурт қаласында өтіп жатқан көркем гимнастикадан әлем чемпионатында көпсайыс финалы аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

16 жастағы Ақмарал Ерекешева төрт жаттығудың қорытындысы бойынша 115,800 ұпай жинап, 6-орынға ие болды. Бұл спортшының мансабындағы ең жоғары көрсеткіштердің бірі.

1 орын Дарья Варфоломеева (Германия) – 119,500 ұпай, 2 орын Стилияна Николова (Болгария) – 117,600 ұпай, 3 орын София Раффаэли (Италия) – 117,550 ұпай, 6 орын Ақмарал Ерекешева (Қазақстан) – 115,800 ұпай.

Жеке сайысқа 73 елден 102 спортшы қатысты. Енді Ақмарал Ерекешева 16 тамызда таспа және шығыршықпен жаттығу бойынша финалдарда өнер көрсетеді.

Көп оқылғандар