Сурет: Egemen Qazaqstan
27 мамырда еліміздің 17 өңірінде ауа райы күрт өзгереді. Синоптиктер қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ және дауыл күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Кейбір аймақтарда желдің екпіні секундына 28 метрге жетеді. Оңтүстікте шаңды боран соғуы мүмкін. Төтенше жағдайлар департаменті халықты сақ болуға шақырады.
«Дауыл кезінде ағаштар мен электр сымдарының астында тұруға болмайды. Көлікті үй маңындағы қауіпсіз жерге қойыңыз», — делінген хабарламада.
Әсіресе Батыс Қазақстан облысында ауа райы қолайсыз болады. Орал тұрғындарына да ескерту жасалды.

