Сурет: Getty Images
Ағылшын Премьер-лигасының (АПЛ) ресми аккаунты ұлттық құрама шабуылшысы Дастан Сәтпаевтың «Челси» сапындағы алғашқы ойынына жоғары баға берді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
АПЛ-дің ресми парақшасы жас шабуылшының ойынын жоғары бағалап, оның алаңда сенімді әрекет ететіндігіне назар аударды.
«Бұл «әсерлі» жас ойыншы «Челсидің» маусымалды дайындығында жарқын ойын көрсетіп жүр», деп жазды АПЛ-дің ресми аккаунты.
Айта кетейік, Дастан Сәтпаев ресми түрде 12 тамызда, 18 жасқа толған күні «Челси» ойыншысы атанады. Қазір ол Азия мен Аустралиядағы маусым алдындағы турне барысында 36-нөмірмен өнер көрсетіп жүр.
Футболшы Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы кездесуде алғашқы голын соқты.
Мазмұнға өту
