Сурет: Қазақстан теннис федерациясы
Қазақстанның бірінші ракеткасы Анна Данилина маусымдағы соңғы «Үлкен дулыға» турнирі — АҚШ ашық чемпионатының жұптық сынында бірінші айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Отандасымыз әлемдік рейтингте алтыншы орында тұр. Бұл жарыста ол сербиялық Александра Круничпен бірге өнер көрсетуде.
Қазақстан-Сербия дуэті US Open-те үшінші нөмірмен тіркелген. Алғашқы айналымда олар чилилік Алекса Гуарачи мен мысырлық Маяр Шерифті кездестірді.
Матч екі сетке созылып, Данилина мен Крунич 7:5, 7:6 (9:7) есебімен басым түсті. Теннисшілер хард кортта дәл екі сағат ойнады. Осы уақытта олар бірде-бір эйс жасамай, үш қос қателік жіберді. 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Екінші айналымда қазақстандық-сербиялық жұп Татьяна Мария (Германия) мен Зейнеп Сөнмез (Түркия) арасындағы жеңімпаздармен, сондай-ақ Екатерина Александрова мен Талия Гибсон (Австралия) жұбының жеңімпаздарымен кездеседі.
Бұл жарыста әлемнің екінші ракеткасы Елена Рыбакина да келесі кезеңге шықты. Ол екінші айналымда әлемдік рейтингтің 105-сатысындағы испаниялық Джессика Бузас Манейроны екі сетте жеңді. Енді отандасымыз үшінші айналымда әлемдік рейтингте 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцевамен ойнайды.
