Спорт

Анна Данилина «Ролан Гаррос» жұптық финалына шықты

Сурет: Egemen Qazaqstan

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Франция ашық чемпионатының (Roland Garros) жұптық сынында финалға жолдама алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жартылай финалда Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге жапон-тайвань жұбы Сюко Аояма мен Лян Энь-Шоны 7:5, 6:2 есебімен жеңді. Кездесу 1 сағат 35 минутқа созылды.

7 маусымда өтетін финалда Данилина мен Крунич чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тейлор Таунсендке қарсы ойнайды.

Көп оқылғандар