Сурет: Egemen Qazaqstan
Бүгін Францияның ашық чемпионаты — «Ролан Гаррос» турнирінің финалдық кездесуі өтеді. Жұптық сында қазақстандық теннисші Анна Данилина сербиялық әріптесі Александра Круничпен бірге чехиялық Катерина Синякова мен америкалық Тэйлор Таунсендке қарсы ойнайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандық-сербиялық жұп бұл турнирде қатарынан екінші рет финалға жолдама алды. Өткен жылы Данилина мен Крунич италиялық Жасмин Паолини мен Сара Эрраниден 4:6, 6:2, 1:6 есебімен ұтылған еді.
Биыл жұптық сындағы «Ролан Гаррос» жеңімпаздары 600 мың еуродан сыйақы алып, 2000 рейтингтік ұпайға ие болады. Финалдық ойын 7 маусымда Астана уақытымен сағат 14:00-де басталады.

