Сурет: FIFA
Goal порталы Әлем чемпионаты аяқталған соң «Алтын доп» жүлдесіне басты үміткерлердің жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Англия құрамасының шабуылшысы Гарри Кейн көшбасшылығын сақтап қалды. Ол әлем чемпионатында алты гол соғып, құрамасымен қола жүлде алды.
Екінші орынға 19 жастағы Ламин Ямаль көтерілді. Испаниялық жас футболшы әлем чемпионы атанған соң рейтингтегі орнын жақсартты. Бұрын екінші орында болған Лионель Месси финалдағы жеңілістен кейін үшінші орынға түсті.
Үздік ондыққа Майкл Олисе, Килиан Мбаппе, Родри, Усман Дембеле, Эрлинг Холанд, Хвича Кварацхелия және Пау Кубарси енді.
Биылғы марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Салтанатты кеш «Алтын доп» сыйлығының 70 жылдығына арналған. Өткен жылы жүлдені Усман Дембеле жеңіп алған.
Финал алдында тізімді колумбиялық Луис Диас пен португалиялық Витинья түйіндеген еді.
Мазмұнға өту
