Сурет: aikyn.kz
Лондонда өткен салтанатты рәсімде 2026 жылғы әлемнің үздік футболшысына табысталатын «Алтын доп» сыйлығының жеңімпазы жарияланды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Бавария клубының футболшысы Хәрри Кейн өткен маусымдағы жетістіктері мен алаңдағы нәтижелерінің арқасында әлемнің үздік ойыншысы атанды. Марапаттау рәсімі 26 қазанда Лондондағы London Palladium театрында өтті.
«Алтын доп» сыйлығы 1956 жылдан бері табысталып келеді, биыл оның тағайындалғанына 70 жыл толды. Сыйлықты France Football журналы тағайындаған. 2024 жылдан бастап марапаттау рәсімін France Football мен UEFA бірлесіп ұйымдастырады.
Биыл әлемнің үздік футболшысы атағына 30 үміткер таласты.
Мазмұнға өту
