Спорт

«Алтын доп – 2026»: үздік ондық жарияланды

Сурет: ашық дереккөзден

«Алтын доп – 2026» сыйлығына үміткер үздік он футболшының есімі анықталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Тізімге Усман Дембеле, Эрлинг Холанд, Харри Кейн, Хвича Кварацхелия, Ламин Ямаль, Килиан Мбаппе, Лионель Месси, Майкл Олисе, Родри және Фабиан Руис кірді. Джуд Беллингем 11-орынға тұрақтады.

Бұған дейін 11–30-орынды иеленген ойыншылардың есімдері жарияланған еді. Енді үздік ондықтың құрамы белгілі болды. Олардың қатарында аталған марапатты сегіз рет жеңіп алған Лионель Месси, «Реал» шабуылшысы Килиан Мбаппе және «Барселонаның» жас жұлдызы Ламин Ямаль бар.

Үздік ондыққа енген футболшылар:

Усман Дембеле — «Пари Сен-Жермен» (Франция).
Эрлинг Холанд — «Манчестер Сити» (Норвегия).
Харри Кейн — «Бавария» (Англия).
Хвича Кварацхелия — «Пари Сен-Жермен» (Грузия).
Ламин Ямаль — «Барселона» (Испания).
Килиан Мбаппе — «Реал» (Франция).
Лионель Месси — «Интер Майами» (Аргентина).
Майкл Олисе — «Бавария» (Франция).
Родри — «Барселона» (Испания).
Фабиан Руис — «Пари Сен-Жермен» (Испания).

Үздік ондыққа енуге ең жақын қалған футболшы — Джуд Беллингем. Ол қорытынды тізімде 11-орынды иеленді.

Сонымен қатар 11–15-орындарға жайғасқан ойыншылардың тізімі жарияланды:

Джуд Беллингем — «Реал» (Англия).
Пау Кубарси — «Барселона» (Испания).
Ашраф Хакими — «Пари Сен-Жермен» (Марокко).
Витинья — «Пари Сен-Жермен» (Португалия).
Деклан Райс — «Арсенал» (Англия).

«Алтын доп – 2026» сыйлығын табыстау рәсімі Лондондағы «Палладиум» театрында 27 қазанға қараған түні өтеді. Қазақстан уақыты бойынша салтанатты кеш сағат 01:00-де басталады.

Көп оқылғандар