Сурет: Aikyn.kz
Алматыда із-түссіз жоғалған Ерзат Егінбайдың мәйіті Космос ауылы маңындағы көлшіктен табылды. Бұл туралы жедел-құтқару жасағы хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ерзат Егінбай бірнеше күн бұрын үйінен шығып, қайтып оралмаған. Туыстары полицияға хабарласып, іздеу шаралары басталған.
Құтқарушылар көлшіктен мәйітті тауып, оны жағаға шығарды. Марқұмның денесінде зорлық-зомбылық белгілері байқалмаған.
«Қазіргі уақытта сараптама жүргізіліп жатыр. Өлімнің себебі анықталады», – деді жедел-құтқару жасағының өкілі.
Оқиға бойынша тергеу басталды. Полиция марқұмның соңғы сапарлары мен байланыстарын тексеріп жатыр.

