Categories Жайық news

Алматыда 16 жастағы өзбекстандық жасөспірім 20 күннен бері табылмай жатыр

Алматыда 16 жастағы Өзбекстан азаматы Амиров Ядгор 10 маусым күні із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды ZhaiyqMedia волонтерлік LIDER.KZ ұйымының Instagram парақшасына сілтеме жасап.

2009 жылы туған жасөспірім соңғы рет таңғы сағат 09:30 шамасында Наурызбай ауданы, Қарғалы ықшамауданы, Редько көшесі, 6-үйден шығып кеткен. Содан бері одан еш хабар жоқ.

Белгілері: бойы — 160 см, дене бітімі — арық, шашы — қара, қысқа, көзі — қоңыр. Қол саусағында мең бар.

Киімі: сұр түсті кепка, ақ жейде, көк джинсы шалбар, қара кроссовка.

Кез келген ақпарат маңызды. Жасөспірім туралы қандай да бір мәлімет білетіндерден құқық қорғау органдарына немесе LIDER.KZ еріктілеріне хабарласу сұралады.

Ұқсас жазбалар

Қазталов ауданында Эйфель мұнарасының көшірмесі пайда болады

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Жалпақтал ауылында Эйфель мұнарасының көшірмесі тұрғызылады.

Астанада заңсыз көпқабатты үй құрылысы тоқтатылды: әкімдік неге араласты?

Астананың «Нұра» ауданында заңсыз көппәтерлі үй құрылысы тоқтатылды. Мердігер рұқсатсыз жұмыс жүргізген.

«Орал–Атырау» тасжолы орташа жөндеуден өтуде  

Республикалық маңызы бар «Орал–Атырау» тасжолының жалпы ұзындығы 500 шақырымға жуықтаса, БҚО-дағы бөлігі 303 шақырымды құрайды.…