Басты тақырып

Алматы ипподромы қала меншігіне қайтарылды

Сурет: Алматы әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Алматы ипподромы қаланың коммуналдық меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ипподром тарихи және спорттық мақсатын сақтай отырып, біртұтас кешен ретінде қалады. Аумақтың функционалдық аймағын және жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту жоспарланбайды.

Келесі кезең – ипподромды дамыту тұжырымдамасын әзірлеу. Оның спорттық функциясын қалпына келтіру, инфрақұрылымын жаңғырту, трибуналарды, ат қораларды, спорт жолдары мен инженерлік желілерді жаңарту көзделуде.

1930 жылы құрылған Алматы ипподромы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ат спортының ежелгі нысандарының бірі саналады. Оның аумағы – 39,1 гектар.

Кешен айтарлықтай тозғандықтан, қалпына келтіру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізіледі. Жаңғыртудан кейін ипподром негізгі мақсаты бойынша пайдаланылып, онда қалалық және республикалық жарыстар өткізіледі.

Айта кетейік, Атырау облысында 500 гектар ауыл шаруашылығы жері мемлекет меншігіне қайтарылды.

Сондай-ақ Астанада 24 апатты тұрғын үй мемлекет меншігіне мәжбүрлі түрде алынады. Тиісті қаулыға қала әкімі Жеңіс Қасымбек қол қойды.

Көп оқылғандар