Сурет: ҚХФ
Баффалода ҰХЛ драфтының екінші күні басталды. Бірінші күні командалар 32 ойыншыға таңдау жасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
«Нью-Йорк Рейнджерс» клубы алматылық хоккей мектебінің түлегі, қақпашы Данай Шайықовты жалпы 67-нөмірмен таңдады.
Өткен маусымда 19 жастағы қақпашы Квебектің негізгі жасөспірімдер лигасы тұрақты чемпионатында «Гатино Олимпик» сапында 50 ойын өткізді. Оның тойтарыс берілген соққылар пайызы 90,3, сенімділік коэффициенті 2.78 болды.
Сондай-ақ хоккейші Қазақстан құрамасы сапында халықаралық ПСК кубогы жастар турнирінде бақ сынап, екі ойын өткізді.
Драфттың қорытынды рейтингіне үш қазақстандық хоккейші енгізілген: Семён Симонов, Әлішер Саркенов және Корней Корнеев.

