Categories Көңіл ашар

Алматы хайуанаттар бағына АҚШ-тан канадалық сілеусіндер әкелінді

Сурет: Алматы хайуанаттар бағы

Алматы хайуанаттар бағы сирек кездесетін жануарлармен толықты. Халықаралық жануарлар алмасу бағдарламасы аясында Қазақстанға АҚШ-тан канадалық сілеусіндердің жұбы жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мысық тұқымдасына жататын жыртқыштар Алматыға 6 сәуірде әкелініп, міндетті ветеринарлық бақылаудан өткізілген. Қазіргі таңда олар жаңа ортаға толық бейімделіп, келушілер үшін көрмеге шығарылған.

Сілеусіндердің еркегі – 3 жаста, ұрғашысы – 7 жаста. Олар зообақтағы «леопард шеңбері» деп аталатын ұсақ жыртқыштарға арналған вольер кешеніне орналастырылған.

Канадалық сілеусіндер өз тұқымдастарының арасында үлкендігімен ерекшеленеді. Солтүстік Американың суық климатына бейімделген жыртқышты құлағындағы шашақтары мен қалың жүні арқылы тануға болады.

Мамандардың айтуынша, жануарлар жұбының жаңа ортаға бейімделуі сәтті өтсе, олардан ұрпақ алу мүмкіндігі де қарастырылып отыр. Бұл биологиялық түрді сақтауға үлкен мүмкіндік болмақ.

Ұқсас жазбалар

Бас жүлде – 100 мың доллар: Жаңа республикалық әдеби байқау жарияланды

Мәдениет және ақпарат министрлігі проза жанрына арналған «Қала хикаялары» атты жаңа республикалық әдеби байқауды жариялады.

Жозимардың қақпасы сыр бермеді: Испания-Кабо-Верде матчы тең аяқталды

Кеше дүниежүзілік доп додасының тағы төрт ойыны өтті. Испания мен Кабо-Верде, Сауд Арабиясы мен Уругвай,…

Еуразия ұлттық университетінде жазғы оқу марафоны басталды

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Каникулға – кітаппен» атты оқу марафоны басталды. Жазғы демалыста жастардың…