Спорт

Алина Құдайгенова U19 әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: ҚБФ

Черногорияның Будва қаласында World Boxing ұйымы өткізген U19 санатындағы әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерінің кешкі сессиясы басталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

57 келі салмақтағы Алина Құдайгенова шешуші жекпе-жекте Анастасия Голуновамен (Ресей) кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліс тапты. Осылайша ол күміс медальға қол жеткізді.

Алина Құдайгенова турнир барысында 1/8 финалда Мейра Алвесті (Бразилия) 5:0, 1/4 финалда Сиобхан Халейді (Англия) 5:0, ал 1/2 финалда Ярио Женгті (Қытай) 3:2 есебімен жеңген болатын.

Айта кетейік, жерлесіміз 2023 жылы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған. Бұған дейін Бибарыс Әшірбай күміс, Еркетаң Жарқынбек қола медаль жеңіп алған еді.

Көп оқылғандар