Сурет: ТСМ
Грузияның Тбилиси қаласында пара дзюдодан әлем чемпионатының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшы Альфия Тлекқабыл J2 класында -52 кг салмақта финалда бразилиялық Де Андрадені иппонмен жеңіп, чемпион атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Сонымен қатар, J1 класында -70 кг салмақта Асылан Нұрдаулетов әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.
Ал Ибрагим Нұрмаханұлы J2 класында -70 кг салмақта қола жүлдегер атанды.
Ертең, 26 қыркүйекте еліміздің 21 спортшысы 14 салмақ дәрежесінде сынға түседі.
Айта кетейік, дзюдодан Қазақстан құрамасы Швейцарияның Лозанна қаласында өткен Grand Slam турнирін жалғыз жүлдемен аяқтаған болатын. Абылайхан Жұбаназар 81 келіге дейінгі салмақта жеңімпаз атанған еді.
