Сурет: ҰОК
Ауыр атлет Алексей Чуркин Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында 85 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Ол жұлқа көтеруде 173 келіні, серпе көтеруде 205 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысы бойынша 378 келімен екінші орынды иеленді.
Алтын медальді Солтүстік Корея спортшысы Ро Кван Рёль 379 (165+214) келімен жеңіп алды. Қытайлық Чэнь Шуньнань 374 (163+211) келімен қола жүлдегер атанды.
Сонымен қатар, Әділет Ахметғали кураштан Азия ойындарының қола жүлдесін жеңіп алғанын атап өткен жөн.
