Шартарап

Альбинос буйвол «Дональд Трамп» 700 келі тартып, Құрбан айтта сатылды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бангладеште Құрбан айт қарсаңында салмағы 700 келі болатын альбинос буйвол сатылды. Жүні алтын түстес бұл жануар әлеуметтік желіде вирусқа айналды.

Буйволдың иесі оны «Дональд Трамп» деп атаған. Аты аңызға айналған жануардың фото-видеосы интернетте кең тарады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Сатушының айтуынша, бұл ерекше тұқымды буйвол Құрбан айт құрбандығына арналған. Оның бағасы мен сатып алушы туралы нақты ақпарат жоқ.

Көп оқылғандар