Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы» Конституциялық заңға қол қойды. Енді бұл қала ерекше мәртебеге ие болады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Заң Алатау қаласының дамуына жаңа серпін береді. Арнаулы құқықтық режим инвестиция тарту мен инфрақұрылымды жаңартуға жол ашады.
Бұл шешім қаланың стратегиялық маңызын арттырып, өңір экономикасын көтеруге бағытталған. Нақты механизмдерді үкімат әзірлейді.

