Спорт

Алан Құрманғалиев АҚШ-тағы WTT Youth Contender турнирінде топ жарды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Алан Құрманғалиев АҚШ-тың Спокан қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде жеңімпаз атанды. Ол барлық төрт кездесуде қарсыластарынан басым түсті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы ойында қазақстандық спортшы америкалық Алекс Лоны 3:1 есебімен ұтса, кейін АҚШ өкілі Абхинав Ширбхатені 3:0 есебімен жеңді.

Үшінші кездесуде Эндрю Цао да Аланнан ұтылып қалды — 0:3. Ал финалда отандасымыз австралиялық Чулун Неумен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті.

Осылайша, Алан Құрманғалиев турнирді бірінші орынмен аяқтап, алтын медальға ие болды.

Көп оқылғандар