Спорт

Айша Әбдімәлік әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Әзербайжанның Баку қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы алғашқы медаліне қол жеткізді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

65 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Айша Әбдімәлік финалда Моңғолия өкілі Ариунзул Болдбаатарға есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Ал 49 келіге дейінгі салмақта Аянат Мейнамбай қола медаль үшін белдесуде америкалық Исла Сильвадан жеңіліп, жүлдеге бір қадам жетпей тоқтады.

Көп оқылғандар