Спорт

Әсем Орынбай Дохадағы әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

Сурет: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының стенд атушысы Әсем Орынбай Катар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем чемпионатында үздік бес спортшы қатарына еніп, ел қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық сайыста ол 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, қорытынды есепте бесінші орынды иеленді.

Әсем Орынбай — стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Оның активінде 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалі және 2022 жылы Осиекте өткен әлем чемпионатында командалық микст сайысында жеңіп алған қола жүлдесі бар.

Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.

Жақында Әсем Орынбай Жапонияның Айчи префектурасы мен Нагоя қаласында өткен жазғы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Көп оқылғандар