Спорт

Әртістік жүзуден жасөспірімдер ӘЧ: Қазақстан қоржынында екі күміс, екі қола

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Мажарстанның Будапешт қаласында әртістік жүзуден жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты мәреге жетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Әлемдік додада Қазақстан құрамасы екі күміс пен екі қола медаль жеңіп алды. Бұл нәтиже ұлттық құрамамызға медальдар кестесінде төртінші орын алуға мүмкіндік берді. Бірінші орынды тоғыз алтын және бір қола жүлде иеленген Ресей құрамасы алды.

Екінші орында Испания (екі алтын, төрт күміс және төрт қола) тұр. Бес күміс және екі қола медаль жеңіп алған Қытай құрамасы үшінші орынға жайғасты.

Еске сала кетсек, Алдияр Рамазанов пен Ясмина Исламова жұбы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында еркін бағдарламада екінші орын алды. Сондай-ақ, Қазақстан акробатикалық бағдарламада күміс медаль жеңіп алды. Виктор Друзин техникалық және еркін бағдарламаларда екі рет жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Көп оқылғандар