Сурет: Туризм және спорт министрлігі
Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Әлижан Аблағатов ушудан қола медаль жеңіп алды. Бұл — еліміздің осы спорт түрінен Азия ойындарындағы тұңғыш жүлдесі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаррами Пирагоммен кездесіп, жекпе-жек қарсыласының пайдасына шешілді.
XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасында 558 спортшы бар, олар 35 спорт түрінен жүлдеге таласады.
Бұған дейін жеңіл атлет Кристина Морозова Азия ойындарында күміс медаль иеленген еді. Ол спорттық жүрістен жартылай марафон қашықтығын 1 сағат 35 минут 25 секундта еңсерді.
