Сурет: FIFA
Бүгін футболдан әлем чемпионатының үшінші тур ойындары басталды. Плей-офф жолдамасы сарапқа салынатын шешуші кезеңде A, B, C топтарындағы құрамалар алаңға шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.
Үшінші кезеңнің алғашқы ойындарынан кейін Мексика, ОАР, Бразилия және Марокко плей-офф кезеңіне жолдама алды. Ал Чехия, Гаити мен Шотландия құрамалары турнирмен қоштасты. Оңтүстік Корея үздік үшінші орын иегерлерінің қатарына ену мүмкіндігін сақтап қалды. Егер команда үшінші орын алған үздік 8 құрамның қатарына енсе, жарыс жолын әрмен қарай жалғайды.
01:00 – Эквадор – Германия (Е тобы) «Метлайф» стадионы (АҚШ, Ист-Ратерфорд)
01:00 – Кюрасао – Кот-д’Ивуар (Е тобы) «Линкольн Файненшел Филд» стадионы (АҚШ, Филадельфия)
04:00 – Тунис – Нидерланд (F тобы) «Эрроухед» стадионы (АҚШ, Канзас-Сити)
04:00 – Жапония – Швеция (F тобы) «Эй-Ти-энд-Ти» стадионы (АҚШ, Арлингтон)
07:00 – Парагвай – Аустралия (D тобы) «Ливайс» стадионы (АҚШ, Санта-Клара)
07:00 – Түркия – АҚШ (D тобы) «Соу-Фай» стадионы (АҚШ, Инглвуд)
00:00 – Норвегия – Франция (I тобы) «Джиллетт» стадионы (АҚШ, Фоксборо)
00:00 – Сенегал – Ирак (I тобы) «Бимо Филд» стадионы (Канада, Торонто)
05:00 – Уругвай – Испания (H тобы) «Акрон» стадионы (Мексика, Сапопан)
05:00 – Кабо-Верде – Сауд Арабиясы (H тобы) «Эн-Ар-Джи» стадионы (АҚШ, Хьюстон)
08:00 – Жаңа Зеландия – Бельгия (G тобы) «Би-Си Плейс» стадионы (Канада, Ванкувер)
08:00 – Мысыр – Иран (G тобы) «Люмен Филд» стадионы (АҚШ, Сиэтл)
02:00 – Панама – Англия (L тобы) «Метлайф» стадионы (АҚШ, Ист-Ратерфорд)
02:00 – Хорватия – Гана (L тобы) «Линкольн Файненшел Филд» стадионы (АҚШ, Филадельфия)
04:30 – Колумбия – Португалия (K тобы) «Хард Рок» стадионы (АҚШ, Майами-Гарденс)
04:30 – Конго Демократиялық Республикасы – Өзбекстан (K тобы) «Мерседес-Бенц» стадионы (АҚШ, Атланта)
07:00 – Иордания – Аргентина (J тобы) «Эй-Ти-энд-Ти» стадионы (АҚШ, Арлингтон)
07:00 – Алжир – Аустрия (J тобы) «Эрроухед» стадионы (АҚШ, Канзас-Сити)
Әлем чемпионатының матчтарын «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетеді. Ойындарды qazaqstan.tv, qazsporttv.kz ресми сайттарынан, «Qazaqstan.tv» мобильді қосымшасынан және «Birge.tv» платформасынан онлайн көруге болады.

