Спорт

Әлем чемпионаты: Португалия Хорватияны 2:1 есебімен жеңді

Сурет: fifa.com

Футболдан әлем чемпионатында Португалия құрамасы 1/8 финалға жолдама алды. Енді олар жарыстың аталған сатысында Испаниямен шеберлік байқасады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Хорватиялық футболшылар алғашқы болып есеп ашты, Иван Перишич ойынның 53-минутында көзге түсіп, гол соқты. Матчтың 60-минутында Криштиану Роналду пенальтиден таразы басын теңестірсе, португалиялық тағы бір ойыншы Гонсалу Рамуш 94-минутта соққан гол өз құрамасына жеңіс алып келді.

Осылайша Португалия қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсті.

Көп оқылғандар