Categories Спорт

Әлем чемпионаты: Норвегия мен Бразилия, Мексика мен Англия 1/8 финалда кездеседі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Бүгін, 5 шілдеден 6 шілдеге қараған түні футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіндегі 1/8 финал ойындары өтеді. Бразилия мен Норвегия қарсылас атанса, Мексика мен Англия құрамасы өзара мықтыны анықтайды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Алғашқы кездесуде Бразилия Норвегиямен күш сынасады. Екі команданың басты жұлдыздары – мадридтік «Реалдың» шабуылшысы Винисиус Жуниор мен «Манчестер Ситидің» сұрмергені Эрлинг Холанд.

Норвегия әлем чемпионатына төртінші рет қатысып отыр. Команданың ең үздік нәтижесі – 1938 және 1998 жылдары 1/8 финалға дейін жеткен. Ал Бразилия соңғы екі әлем чемпионатында (2018 және 2022) ширек финалда жарыстан шыққан.

Айта кетерлігі, бразилиялықтар Норвегияны әлі бірде-бір рет жеңген емес. Командалар 1988 және 2006 жылдары 1:1 есебімен тең түскен. 1997 жылы өткен жолдастық кездесуде Норвегия 4:2 есебімен жеңіске жетсе, 1998 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде скандинавиялықтар Бразилияны 2:1 есебімен тағы да ұтқан.

Бразилия – Норвегия матчы 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 01:00-де басталады.

Екінші жұптағы кездесуде Мексика Англияны жеңсе, онда латынамерикалық команда 1970 және 1986 жылдардағы жетістігін қайталап, ширек финалға жолдама алады. Ал Англия құрамасы турнирдің шешуші кезеңдеріне дейін жеткенімен, жүлделі орындарға жиі іліге бермейді. Англия өз тарихында жалғыз рет, 1966 жылы әлем чемпионы атанған.

Бұл матч ағылшын шабуылшысы Харри Кейн үшін де маңызды. Қазір оның еншісінде бес гол бар. Егер Кейн тағы екі рет мергендік танытса, турнирдің үздік сұрмергендері Лионель Месси мен Килиан Мбаппені қуып жетеді.

Мексика – Англия кездесуі 6 шілде күні Қазақстан уақытымен 05:00-де басталады. Доп додасын Qazsport телеарнасы мен арнаның ресми сайты тікелей эфирде көрсетеді.

Ұқсас жазбалар

Әлем чемпионаты: Винисиус пен Холанд бір алаңда бақ сынаса, Мексика мен Англия мықтыны анықтайды

Бүгін түні футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Бразилия, Норвегия, Мексика және Англия құрамалары күш сынасады.

Франция мен Марокко әлем чемпионатының ширек финалына шықты

Әлем чемпионатының ширек финалына шыққан алғашқы жұп белгілі болды. 1/8 финалдық кездесулердің нәтижесінде Франция мен…

Франция құрамасы Парагвайды жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Парагвайды 1:0 есебімен жеңіп, келесі кезеңге…