Спорт

Әлем чемпионаты: Нидерланд пен Жапония тең түсті

Сурет: Getty Images

Футболдан әлем чемпионатының F тобындағы алғашқы матчта Нидерланд пен Жапония құрамалары жеңімпазды анықтай алмады. АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы AT&T Stadium стадионында өткен кездесу 2:2 есебімен аяқталды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Есеп ойынның 51-минутында ашылды. Нидерланд құрамасының капитаны Вирджил ван Дейк мергендігімен көзге түсті. Алайда араға 6 минут салып, жапониялық Кэйто Накамура таразы басын теңестірді.

64-минутта Крисенсио Саммервилл голландықтарды қайтадан алға шығарды. Дегенмен жапон футболшылары матч соңына дейін күресіп, 88-минутта Даити Камаданың голының арқасында есепті теңестірді.

Осылайша, қос команда топтық кезеңде бір-бір ұпайдан еншіледі.

Көп оқылғандар