Categories Спорт

Әлем чемпионаты: Канада мен Босния және Герцеговина кездеседі

Сурет: ua-football.com

Бүгін футболдан әлем чемпионаты қарсаңында Канада мен Босния және Герцеговина құрамалары кездеседі. Кездесу Торонто қаласындағы стадионда өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Мундиальдың ашылу рәсімін үш елде өткізу жоспарланған. Матч алдында турнирдің екінші ашылу салтанаты өтеді. Елорда уақытымен 23:40-қа жоспарланған ойынды «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Канада құрамасы бұған дейін жолдастық кездесулерде сегіз матч қатарынан жеңілмеген. Жуырда олар Өзбекстанды 2:0 есебімен жеңіп, Ирландиямен 1:1 есебімен тең түсті.

Ал Босния және Герцеговина командасы Уэльс пен Италияға қарсы плей-офф кезеңінде пенальти серияларында жеңіске жетіп, турнирге жолдама алды. Босния және Герцеговина сапында «Астана» футбол клубының ойыншысы Иван Бачиш өнер көрсетеді.

Айта кетейік, кеше Мехиконың «Ацтека» стадионында әлем біріншілігінің ашылу салтанаты өтті. Алғашқы ойында Мексика мен Оңтүстік Африка Республикасы құрамасы кездесті. Матч мексикандықтар пайдасына 2:0 есебімен аяқталды.

Ұқсас жазбалар

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов қызметінен кетті

«Астана» футбол клубының бас директоры Қайсар Бекенов отбасылық жағдайына байланысты қызметінен кетті.

Төреші Вилтон Сампайо әлем чемпионатының ашылу ойынында үш қызыл қағаз көрсетіп, рекорд орнатты

Мексика мен Оңтүстік Африка арасындағы матчта бас төреші Вилтон Сампайо үш қызыл қағаз көрсетіп, әлем…

Қаршыға Дәуітбек 18 шілдеде Хиросимада Кёхэй Хагиварамен жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық файтер Қаршыға Дәуітбек 18 шілдеде Хиросимада Кёхэй Хагиварамен жекпе-жек өткізеді. Соңғы айқасында оның көзі…