Спорт

Әлем чемпионаты: Баянова мен Раимова қола жүлде үшін күреседі

Сурет: Ұлттық Олимпиада комитеті

Астанада күрестен өтіп жатқан әлем чемпионатында Зейнеп Баянова мен Нилуфар Раимова қола медаль үшін күреседі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Зейнеп Баянова 50 келіге дейінгі салмақта жартылай финалда Үндістан өкілі Ниламмен күресіп, 7:3 есебімен жеңіліп қалды. Нилуфар Раимова да финалға шыға алмады: ол 57 келіге дейінгі салмақта Жапония өкілі Сена Нагамотодан 11:0 есебімен есе жіберді.

Енді отандастарымыз қола жүлде үшін күреседі. Бүгін белдесулер болады.

Кеше Бағдат Сабаз қола медаль жеңіп алып, ел қоржынына тағы бір жүлде салды.

Көп оқылғандар