Сурет: ҰОК
Әділет Ахметғали кураштан Жапонияда өтіп жатқан Азия ойындарының финалына шыға алмады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жартылай финалда ол өзбекстандық Ахрор Зиёдуллаевпен белдесті. Бұл кездесуде өзбек балуаны 10:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Әділет Ахметғали Азия ойындарын қола медальмен қорытындылады.
Бұған дейін жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азия ойындарында марафондық спорттық жүрістен жеңіп алған алтын медалінен айырылғанын еске саламыз.
