Categories Спорт

ӘЧ-2026: Парагвай пенальтиде Германияны жеңіп, 1/8 финалға шықты

Сурет: fifa.com

Парагвай құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/16 финалында Германияны пенальти сериясында жеңіп, келесі кезеңге өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ-тың Фоксборо қаласындағы «Джилетт» стадионында өткен матчтың негізгі уақыты 1:1 есебімен аяқталды. 42-минутта Хулио Энсисо Парагвайды алға шығарса, 54-минутта Кай Хаверц Флориан Вирцтің пасынан баспен соққы жасап, есепті теңестірді.

Қосымша уақытта Германия 102-минутта Джонатан Та бұрыштамадан кейін гол соққанымен, VAR жүйесі қақпашыға қарсы ереже бұзылғанын анықтап, гол есепке алынбады.

Овертаймда жеңімпаз анықталмаған соң, матч тағдыры пенальтилер сериясында шешілді. Онда Парагвай 4:3 есебімен басым түсіп, 1/8 финалға жолдама алды.

Енді Парагвай 1/8 финалда Франция мен Швеция арасындағы кездесудің жеңімпазымен ойнайды.

Ұқсас жазбалар

Бразилия құрамасы Жапониядан соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бразилия мен Жапония құрамалары кездесіп, Бразилия 2:1 есебімен жеңіске жетті.

Әлем чемпионаты: Бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен ойнайды

Әлем чемпионатының плей-офф кезеңінде бүгін Бразилия Жапониямен, Германия Парагваймен кездеседі.

Тимур Турлов FIDE президентінің орынбасары лауазымына ұсынылды

Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Турлов Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) президентінің орынбасары лауазымына кандидат ретінде…