Categories Спорт

ӘЧ-2026: Испания Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға шықты

Сурет: Fifa.com

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/8 финалында Португалия мен Испания арасындағы кездесу өтті. Бұл ойынды жанкүйерлер ерекше күткен еді, себебі екі тәжірибелі еуропалық құрама тартысты кездесу өткізеді деп күтілді. Кейбір сарапшылар көп гол соғылатынын болжаған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Ойынның алғашқы минуттарынан бастап екі команда да шабуылға басымдық берді. Алайда жылдам гол соғу мүмкіндігі болмады, сондықтан бірінші кезең есепсіз аяқталды.

Екінші кезеңде де ойын қарқыны өзгермеді. Кездесу тағдырын 91-минутта испаниялық Микель Мерино соққан гол шешті. Осылайша Испания 1:0 есебімен жеңіске жетіп, плей-офф сатысына жолдама алды.

Испания H тобында екі жеңіс, бір тең ойынмен 7 ұпай жинады. Олар Уругвайды 1:0, Сауд Арабиясын 4:0 есебімен жеңіп, Кабо-Вердемен 0:0 есебімен тең түсті. Плей-офф сатысында Аустрияны 3:0 есебімен тас-талқан етті.

Енді 1/8 финалда сағат 05:00-де АҚШ пен Бельгия кездеседі.

Ұқсас жазбалар

Мериноның соңғы минутта соққан голы Испанияны ширек финалға шығарды

Футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Испания құрамасы Португалияны 1:0 есебімен жеңіп, ширек финалға жолдама алды.

FIFA алғаш рет қызыл қағаз алған футболшыны жазадан босатты

FIFA әлем чемпионаттары тарихында алғаш рет қызыл қағаз алған футболшының автоматты дисквалификациясын тоқтатты. Бұл АҚШ…

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңді

Англия құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалында Мексиканы 3:2 есебімен жеңіп, турнирдің ширек финалына жолдама алды.